22 қараша күні №95 ЖББМ КММ » Коммунальное государственное учреждение общеобразовательная школа № 95
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№95 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 375-14-78
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 375-14-84
Версия
для слабовидящих
24
ноябрь
2021

22 қараша күні №95 ЖББМ КММ

22 қараша күні №95 ЖББМ КММ🏫 «Адамдық құндылықтар күніне» арналған өзін-өзі тану пәнінен республикалық ашық сабақ өтті🤗. Ашық сабақтың тақырыбы: «Адамдық құндылықтар – бақытты өмірдің негізі»🤩, сабаққа 2 сынып оқушылары қатысты. Бұл ашық сабақты өткізу оқушыларға👩‍🎓 жалпы адамзаттық құндылықтардың не екенін және олардың қайсысын өз өмірінде қолдана алатынын түсіндіру.
Шара барысында тақырыптық бейнероликтер🎥, әңгімелер🗣 пайдаланылды. Оқушылар жалпы адамзаттық құндылықтар мәселелерін талқылау процесіне белсенді қатысты: олар өмірден мысалдар келтіріп, ойларын ортаға салды, өз пікірлерін білдірді🧠, мінез-құлық пен іс-әрекеттегі қалауларын білдірді.
Бұл ашық сабақ мектеп оқушыларының рухани-адамгершілік тәрбиесіне, шығармашылық және «топтық іс-әрекеттер» барысында өзінің өмірлік ұстанымын көрсете білуге, сонымен қатар жалпыадамзаттық құндылықтарды өмірінде және іс-әрекетінде қолдана білуге ​​ықпал етті.